|
作词 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
作曲 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
Таңертеңгі ұйқы тәтті, |
|
Тіпті бүгін ояну қалайша қиын. |
|
Кеш жатты бала, |
|
Кешегі жиын, өзгертті көңіл күйін. |
|
Анасы тұр-тұр-тұр деді, жуынып, киін. |
|
Ұйқысы қанбаса да, көзін ашты ол әрең, |
|
Жұмысқа жиналды деп анам мен әкем. |
|
Әйтеуір бәрі бір жаққа асығуда, |
|
Ал, оған неге бәріне де бәрібір екен. |
|
Дастархан, шәй-пәй қызуда, |
|
Әкесі миды жеп ұрысуда. |
|
Беріліп ашуға, |
|
Айыптымын мен. |
|
Мысалға жұрттың баласын айтты, |
|
Ал біздің бала тек бізді қартайтты. |
|
Күнде кешігеді, жақын болсада мектеп, |
|
Әдет болды ұрып-соғу әлсізді тектен-тек. |
|
Кітапсыз, қолда бір дәптер қырық беттен, |
|
Қол жетпес арман болды, баға алу бестіктен. |
|
Мұғалім сабақ сұрап қинауда, |
|
Оқушы қу өтірік сөз айналды дауға. |
|
Он бірінші сынып, соңғы жыл, |
|
Жас түлек сауат ашуда |
|
Ал оның ойы ертерек одан қашуда. |
|
Соңғы екі сабақ, екі досқа қажетсіз, |
|
Қыдырып жүргені сол, қылықтар әдепсіз. |
|
Ауызда темекі, сырадан ішіп бір-екі, |
|
Мәз-мейрам үйреніп қалған оған еті. |
|
Ұстап алып көшеде әкесі боқтады шешеден, |
|
Не жүріс, сабақ қайда, үйге бар көрсетем. |
|
Досым жарайды қоштаспаймыз кешке дейін, |
|
Үйге барып кішкене әкемнің таяғын жейін. |
|
Бір ғана күн, неге соншама көп ұрыс, |
|
Мәселе сонда неде, кім біледі не дұрыс. |
|
Тым-тырыс өткен өмірдің несі жақсы, |
|
Нәпсіқор бала, ата-анасының төгілді жасы. |
|
Жүректе бар әуен, |
|
Соны тыңдағым келеді. |
|
Өкпеге қажет ауа, |
|
Ал арбаға дөңгелек. |
|
Адамдар кімге ғашық, |
|
Таңдауда есік ашық. |
|
Пайдасыз бос күндер, |
|
Зиянын тұрар шашып. |
|
Жүректе бар әуен, |
|
Соны тыңдағым келеді. |
|
Өкпеге қажет ауа, |
|
Ал арбаға дөңгелек. |
|
Адамдар кімге ғашық, |
|
Таңдауда есік ашық. |
|
Пайдасыз бос күндер, |
|
Зиянын тұрар шашып. |
|
Ұйқысы қанып, дайын кешкіге жоспары, |
|
Жуынып-киініп шықты, аялдама достары. |
|
Аудан, бір топ жастар ашылып аспаны, |
|
Құмардың түр-түрі - бала есіре бастады. |
|
Жігітсымақ есірткіге әуес болды бүгін, |
|
Түбі әйтеуір ағызады ауыз көбігін. |
|
Қылмысқа жаңа қадам басқан жасөспірім, |
|
Қаупсіздік сақтаушылар таныды оның түрін. |
|
Дабыл-дабыл, қызыл атқаруда қызмет бабын, |
|
Аты-жөні тіркеуде, білмейді түрме алқабын. |
|
Табынып құдайға, тастамашы бұл жағдайда. |
|
Маңдайға жаза көрме, өзгеремін алайда. |
|
Темір тор, қасында жоқ ешкімі, |
|
Қорқыныш биледі, еске алып ескіні. |
|
Зар жылап жүріп шығарды әке-шешесі, |
|
Ал бұл бір ғана күннің кескіні. |
|
Ата-ананың барлық ойы балада, |
|
Баланың бақыты да ойы да далада. |
|
Айтшы, екі адал жанға кім қатал? |
|
Өмір шынында сабақ бірде у, бірде бал. |
|
Сақта – деген сөз қазақта бір өлең, |
|
Ыстық сөзден нәпсі шоқ боп өлген. |
|
Сақта таза рухты жүрек түбінде, |
|
Бұзылмасын өмірің күдердің күнінде. |
|
Жүректе бар әуен, |
|
Соны тыңдағым келеді. |
|
Өкпеге қажет ауа, |
|
Ал арбаға дөңгелек. |
|
Адамдар кімге ғашық, |
|
Таңдауда есік ашық. |
|
Пайдасыз бос күндер, |
|
Зиянын тұрар шашып. |
|
Жүректе бар әуен, |
|
Соны тыңдағым келеді. |
|
Өкпеге қажет ауа, |
|
Ал арбаға дөңгелек. |
|
Адамдар кімге ғашық, |
|
Таңдауда есік ашық. |
|
Пайдасыз бос күндер, |
|
Зиянын тұрар шашып. |