|
作词 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
作曲 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
Поднимайте экономику пока мы будем здесь сидеть. |
|
Чтоб когда мы вышли, было все красиво и нарядно. |
|
Всем добра и счастья, любви и благополучия, |
|
А когда на воле будете, будьте аккуратны. |
|
Ходите аккуратнее и никогда не доверяйте никому, |
|
Вас а то посодят. |
|
Орта бойлы, шымыр дене, жүзі суық, |
|
Мұрынның шеміршегі жоқ, жағы сынық. |
|
Шыныққан әбден рух, аяқта тұрады нық, |
|
Оңайлықпен берілмейді кетсе де тарығып. |
|
Табынамын әкеме, ол тұлғаны сағынам, |
|
Соңғы рет көрдім оны темір тор ар жағынан. |
|
Жүрегі тас, тірі жетім күйін кештім, |
|
Жүрек шешті қайғыны білмей-ақ әлпешті. |
|
Пейілі кең бала ноян, бәріне даяр, |
|
Жолдасым дегенде ішкен асын жерге қояр. |
|
Аяу сезімі жоқ, бала кезден-ақ суық, |
|
Пиғылы арамдарды дереу тілімен ояр. |
|
Кеше ғана жер-әлемге аты елге мәлім, |
|
Дүркіреткен жігіт-нар көрсетуде әлін. |
|
Әдемі киім, қымбат көлік мініп алысқан, |
|
Алматы арулары кезегіменен ауысқан. |
|
Тіл алмас, қырып жояр қызбалыққа бейім, |
|
Қорқуды білмейтін, ол қайтпайтын кейін. |
|
Пайда көріп күнде қылмыс жасап қан төгуде, |
|
Дүние үшін жеңіл ақшамен күн көруде. |
|
Күндер өтуде азғынның жолы ұзартылды, |
|
Елдің айтқаны болады, тыңда сөз-ақылды. |
|
Түбі түрме шырылдатып зар илетті міне, |
|
Түрме деп аталатын бұл абақты дүние. |
|
Арқадан қағар жолдасы жоқ қасында, |
|
Ойын-күлкіде бірге пайданың арқасында. |
|
Қас болар жалған дос күн туса басыңа, |
|
Ойлануға уақыт көп кеш деп жасыма. |
|
Бірі тірі, бірі өлі, бірі инеде, |
|
Бірі ұры, бірі адам, бірі пәк құлы. |
|
Ал мен кіммін? Ісімнің қателігі ме? |
|
Неге отыр екенмін қараңғы бөлмеде? |
|
Қараңғы бөлме, түсі суық қабырға, |
|
Ұйқысыз төсек, темір тор, ылғал ауа. |
|
Тар дүние ішінде тоқтады сағат, |
|
Жүгірмек сана жауап іздеп сұрақтарға. |
|
Уақыт санап, сығалайды көз далаға, |
|
Ұшқан құстар биікте қанат қаға. |
|
Танауға сіңген иіс үйренді міне, |
|
Үйренді дене төрт-ақ қара қабырғаға. |
|
Іштен жейді сағыныштан үйден алыс, |
|
Қадірін кеш біліп, зуылдап өмір ағыс. |
|
Үнсіз дыбыс,ісіңді біреу аңдып, |
|
Жұбатар пікірлер берер оған тойтарыс. |
|
Қанша адам бар мұнда үмітін үзген, |
|
Жүйеге тізе бүгіп, талайы өзгерген. |
|
Кәсібі малай болу, тәнді лай қылу, |
|
Өзін алдап жанына құнсыз сөз берген. |
|
Жіберген қателіктен үлгі алдым, |
|
Жақсы ой, пәк пиғыл қысады алқым. |
|
Қалай? Не үшін? Кімге? Неге былай? |
|
Сор маңдай тым кеш өкініп қалдым. |
|
Жеңіл ақша сол жеңіл жолымен кетер, |
|
Үйіп-төгіп жасағаным бәрі де бекер. |
|
Біреуден алғаным екі еселенді, |
|
Енді түсіндім бұл әлемді. |
|
Бірі тірі, бірі өлі, бірі инеде, |
|
Бірі ұры, бірі адам, бірі пәк құлы. |
|
Ал мен кіммін? Ісімнің қателігі ме? |
|
Неге отыр екенмін қараңғы бөлмеде? |
|
Бірі тірі, бірі өлі, бірі инеде, |
|
Бірі ұры, бірі адам, бірі пәк құлы. |
|
Ал мен кіммін? Ісімнің қателігі ме? |
|
Неге отыр екенмін қараңғы бөлмеде? |