|
作词 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
作曲 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
Жүзіңнен күлкі кетпесін аға, бәрі әлі де алда. |
|
Өзің үйреткен ақыл-кеңес санада. |
|
Ұстаздың ілімін ұмытады кім, |
|
Мың түн, ініңмен сырыңды бөл тағыда. |
|
Аға шеріңді әуеніммен тарқатамын, |
|
Қолға қалам аламын деп, қалып қойдым қатардан. |
|
Әттең тонның келтесі-ай, сапасымен бір қадам, |
|
Қалталы көке қайда, демеп жүрер арқадан. |
|
Үй-іші аман, денсаулығы тәуір анамның, |
|
Сүйіншіңді дайында тілі шықты балаңның. |
|
Жеңгетайым сағынып жүр, сабырлық танытуда, |
|
Оқуында қарындасымыз үздік атануда. |
|
Жақтырмайды у-шуды, әкем сол баяғы, |
|
Қан қысымы көтеріліп сыр беруде оң аяғы. |
|
Анашым екеуінің алданышы немере, |
|
Бізді мүлдем ұмытар тұңғышым дегенде. |
|
Аға, ағатай, жағдайымыз осындай, |
|
Жеңіл етер жараны сəждедегі бір маңдай. |
|
Нағыз ер жеңілмес, бұл ереже бізге мәлім, |
|
Пай-пай сағыныш, іштен шыққан жан айқай. |
|
Бөлмеңдегі көзге түсер жапондық киманоң, |
|
Иманға от уағызың, талайдың болды шимағы оң. |
|
Қабырға медальға толы, алтын, қола, күмістен. |
|
Қасыңда суретің тұр, жымыйып бір күліскен. |
|
Шыда аға, шыда, өзіңді жоғалтпа. |
|
Сақта пəкті, күтуде отбасың сені мұнда. |
|
Налыма, өзің айтпақшы - сынақ түссе басыңа, |
|
Сабыр ет шешім берер бір Алла. |
|
Шыда аға, шыда, өзіңді жоғалтпа. |
|
Сақта пəкті, күтуде отбасың сені мұнда. |
|
Налыма, өзің айтпақшы - сынақ түссе басыңа, |
|
Сабыр ет шешім берер бір Алла. |
|
Амансыңба інім, сенсің менің қол қанатым, |
|
Темір тор ар жағынан бауырын сағынатын. |
|
Сынақтың салдарынан жақынынан арылатын. |
|
Тіршілік себебі бір, отбасы аманатым. |
|
Сағынады екенсің дала мен қаланы, |
|
Еске алып шіркін, анамның тәтті тағамын. |
|
Сүйікті жандар алыс, құшағыма басатын, |
|
Шектеулімін мына мен, сендерді жұбататын. |
|
Сапары ұзақ жолда, шайқама тек қайықты, |
|
Байыпты сөздеріңе ісің болсын лайықты. |
|
Хақты даттайтын, әрекетте гәп бар, |
|
Құдіретті күш иесі Аллаху акбар. |
|
Ата-ана үміті сен, сенімін ақтап бер, |
|
Біздің жанұяда қылмыскерден біреу жетер, |
|
Ақ-қараны ажырат, тек білім шам-шырақ, |
|
Жаман ой-ниетті алысқа шашырат. |
|
Қара шаңырақ, жатпасын аңырап, |
|
Үйдің бір іргесі сен, тірі болсын жаның нақ. |
|
Саусақтың ұшыменен төзуге шама жетер, |
|
Мен үшін уайымдама, шығармын жорғалап. |
|
Інім, жан інім, осы менің әлемім. |
|
Жеткізіп бар отбасына ағаңның сәлемін. |
|
Анам мен әкемнің көз жасын төкпеу үшін, |
|
Маңына жолаушы болма азғын деген бәленің. |
|
Сақта інім сақта, Отбасын сақта ана жақта. |
|
Нәфсіге қыл бір шара, үй берекесін құртпа. |
|
Қара тірлік, жалған бірлік, түбі қорлық, |
|
Адам бол, бола көрме мақұлық. |
|
Сақта інім сақта, Отбасын сақта ана жақта. |
|
Нәфсіге қыл бір шара, үй берекесін құртпа. |
|
Қара тірлік, жалған бірлік, түбі қорлық, |
|
Адам бол, бола көрме мақұлық. |