|
作词 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
作曲 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста |
|
Назар, атаңа ұқса деп атаң қойған атың бар, |
|
Батырдың ұрпағы, шын айтуға хақың бар. |
|
Сыбырлар құлаққа, ішітегі сол бір ой, |
|
Халық жауы ғой кешегі - бұл күнде де атылар. |
|
Жазасың-ау сен ұлым қауіпті тақпақ, |
|
Жабылсын екі еліге төрт елі қақпақ. |
|
Анашым айтпа, тыныш жазба, дейді, |
|
Бірақ, тағдырдан кім, қалайша қашпақ? |
|
Ұялы телефон, пайдасыз хаттар, |
|
Ұялып тыңдай алмайтын әуендер қаптады. |
|
Аяғы сатпақ кір былғаса төрді, |
|
Ауызы лас халқымды былғауменен даттады. |
|
Қырық пышақ бөлінудің Отанында туылдым, |
|
Қайран қазағымның басын қосар ту болдым. |
|
Ай, күн, жер аспаны бір аға-қарындастар, |
|
Тату-тәтті жаңа бір өмір бастар. |
|
Ұлаңғайыр жер жаннәті Жетісу, |
|
Аты шулы Алматыда айқай-шу. |
|
Тәтті су мен шу екі ғана у, |
|
Харам мен халал тең емес болмасын шатасу. |
|
Кім екеніңді біл шыққан жерді ұмытпа, |
|
Адам бол, түп негізіңді ұмытпа. |
|
Ұмытпа өз-өзіңді құнытта, |
|
Кеше, бүгін, ертеңгі күнді ұмытпа. |
|
Кім екеніңді біл шыққан жерді ұмытпа, |
|
Адам бол, түп негізіңді ұмытпа. |
|
Ұмытпа өз-өзіңді құнытта, |
|
Кеше, бүгін, ертеңгі күнді ұмытпа. |
|
Пайдасыз есірткі сана улап құтырар, |
|
Тұлғалар кешегі, уақыт өте ұмытылар. |
|
Дуалап дүмшелер, қолының сұғы бар, |
|
Білім сенім болмаса сеніде құл қылар. |
|
Топасқа айтылған сөз ертең-ақ ұмытылар, |
|
Уақыт есейген сайын достық сезім ұмытылар. |
|
Бауырдың жасағаны жүректе мәңгі қалар, |
|
Аналар өсірген құмар емес пәк тұмар. |
|
Ісі тура, сабырлы адамдарды ұнатамын, |
|
Өзін-өзі сататын надандарды ұмытамын. |
|
Бекерден-бекер өткен әр күн пайдасыз, |
|
Ел қамын ойлап, атырды кім ұлы таңын. |
|
Тікенекке толы раушан гүл иіскегенге, |
|
Сүйкімсіз қара құрма тәтті ғой жегенге. |
|
Адамдар ас сияқты жататұғын дегенде, |
|
Кім екенін білесің дәмін татып көргенде. |
|
Мүше бар екі жақ пен екі бұттың арасында, |
|
Түсіріп көтеретін сол адамның бағасын да. |
|
Әлсіресек деру ақыл-есті жоғалтамыз, |
|
Нағыз болуды қалай ғана ұмытамыз? |
|
Кім екеніңді біл шыққан жерді ұмытпа, |
|
Адам бол, түп негізіңді ұмытпа. |
|
Ұмытпа өз-өзіңді құнытта, |
|
Кеше, бүгін, ертеңгі күнді ұмытпа. |
|
Кім екеніңді біл шыққан жерді ұмытпа, |
|
Адам бол, түп негізіңді ұмытпа. |
|
Ұмытпа өз-өзіңді құнытта, |
|
Кеше, бүгін, ертеңгі күнді ұмытпа. |