| Жаз күніндей жайнаған | |
| Масатыдай жер сұлу | |
| Аққу, қаздар тойлаған | |
| Айдын шалқар көл сұлу | |
| Өзгеден де ең сұлу | |
| Өмірлік дос тең сұлу | |
| Өзім сүйіп ұнатқан | |
| Бәрінен де сен сұлу | |
| Нұрын төккен қырмызы | |
| Аспандағы күн сұлу | |
| Жымың қаққан жұлдызы | |
| Айлы кеште түн сұлу | |
| Тәрбиелі тамаша | |
| Бал мінезді жар сұлу | |
| Таңданарлық қараса | |
| Талай абзал бар сұлу |
| , | |
| , | |