|
作词 : Бексултан Багитжан/Нурик Смит |
|
作曲 : Ерсултан Багитжанов |
|
Жел еседі каспийден |
|
45 дəреже көлеңкеде |
|
Жатырмын купеде |
|
Көргенім терезеден тек - туған жер |
|
Тұзы бетіне шыққан жерлер |
|
Саз бен сор араласқан өлке |
|
Жарып шығуың қиын дəннен |
|
Бірақ өссең жетерсің көкке бірден |
|
Жусанның иісімен өтем балалық шағыма |
|
Көзімді жұмып сапар шегем |
|
қазір жоқ ауылыма |
|
Керексіз қарбалыстан |
|
Жеңімпазы жоқ бұл жарыстан |
|
Мені құтқар жол, мені құтқар жол |
|
Мені құтқар жол, жол жол жол (ұзын жіңішке) x 4 |
|
Nurik Smit |
|
Бұлттарға енді мүлде сенбеймін |
|
Солардын кесірінен кедеймін |
|
Алдама тәттімен қиялға көнбеймін |
|
Қолымнан ұстап жұлқылама есейдім |
|
Менің ойым туыстарға манызды ма ? |
|
Менің ойым бөтендерге маныздырақ |
|
Туыстан келеді сұрақ |
|
Қалтада ақша ұсақ? |
|
Қабағын түйіп алып болшы дейді жауыздырақ |
|
У, ішіп алғым келеді кейде |
|
Аяқ басам ерісіп күлге |
|
Ысқыр, ысқыр көріп жатсаң мені бұрылыстан |
|
Шүкір, шүкір қал жағдайым жақсы сені қызықтырса |
|
Ауруыма қарамай әлі келемін |
|
Алла берген сынақтарды жұтып келем |
|
Алдымдағы ұзын жолға сеніп ерем |
|
Жолым жіңішке болсада |
|
Адамдардан гөрі соған сенемін! |
|
Мені құтқар жол, жол жол жол (ұзын жіңішке) x 4 |