作词 : Мiржақып Дулатұлы 作曲 : Мiржақып Дулатұлы Кез болған соң кер заман біздің баққа, Жау жарағын асырып, міндік атқа. Заман-ай! Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын, Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа. Заман-ай? Азаматы алаштың Аттанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды. Азаматы алаштың Аттанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды. Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім? Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім? Заман-ай! Тәуекелге бел байлап, бастап топты, Тигізбесін жұртқа жау көселдерін. Заман-ай! Азаматы алаштың Аттанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды. Азаматы алаштың Аттанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды. Қол бастайтын қайдасың, батырларым? Өлең-сөздің шебері ақындарым? Заман-ай! Азаматтың міндеті елді қорғау, Түскелі тұр басыңа күшті толғау. Заман-ай! Азаматы алаштың Аттанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды. Азаматы алаштың Аттанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды. Бай, кайдасың, ортаға малыңды сал, Азды-көпті аямай барыңды сал. Заман-ай! Жаны жомарт жақсылар, қайдасыңдар? Мұсылманның жолына жаныңды сал. Заман-ай! Азаматы алаштың Аттанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды. Азаматы алаштың Аттанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды. Тұлпар мініп, ту ұстап, Баптанатын күн туды.