[00:00.00] 作词 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста [00:01.00] 作曲 : Назар Сұлтанбаев/Асет Маста [00:15.54]Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл, [00:19.49]Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл, [00:23.29]Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін! [00:27.49]Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін! [00:30.99]Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл, [00:34.94]Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл, [00:38.74]Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін! [00:42.99]Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін! [00:46.49]Атам қазақ айтып еді: Ер дегенің, елдің көркі. [00:50.19]Ұлы болған соң даланың, түгел болсын төртің, [00:53.94]Кеудеңде лаулаған өртің - ол Отанға деген сезім, [00:57.69]Бабаң жауға бет бақтырмай, жүрген белестерді кезіп. [01:01.44]Сол отыңды өшірме, бөтеннің салтын көшірме, [01:05.34]Өсек артынан еріп, айналма бос сөзшілге. [01:09.04]Өмір бақи сыйлап өт әйел деген асылды, [01:12.79]Аналарға арналып көп жақсы сөз жазылды. [01:16.69]Өмір атты сапардың ұзындығы - қамшы сабы, [01:20.44]Ең бастысы адам болу, жақсылықтың тауып бабын. [01:24.39]Ұмытпа деп үйреткен бар екенін бір Құдайдың, [01:28.09]Әр жасаған ісіңнен, ертең-ақ сенен сұрайды. [01:31.94]Оңды-солды шатасып, азғын артынан ерме, [01:35.74]Қауіп төнсе шаңыраққа жауға намыс жіберме, [01:39.54]Тесік таппай кірерге, сен үшін жұртың ұялмасын, [01:43.34]Сол үшін арыңды сақта, ұяңды да өрт шалмасын. [01:47.14]Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл, [01:51.04]Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл, [01:54.79]Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін! [01:58.99]Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін! [02:02.59]Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл, [02:06.59]Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл, [02:10.39]Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін! [02:14.54]Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін! [02:29.69]Абзал қасиеттің бірі - еркектің сергек болғаны, [02:33.44]Ерте тұрған адамның ырысы жоғары. [02:37.19]Еңбекқор, ержүрек, қамыстан өлмес сірә, [02:40.99]Дүние артынан қуып, рухты ұмытпа бірақ. [02:44.79]Мейірімділік, салмақтылық шынайы жігітке тән, [02:48.59]Сыйластық қарым-қатынастағы басты мән. [02:52.34]Кәсібіңе мығым бол, тәсілдерін ұшта, [02:56.14]Алға жүрмесе жұмыс, сабыр танытып шыда. [02:59.99]Жаман болсын демейді-ау әр ата-ана өз баласын, [03:03.74]Жаман болама бала, осыны сіңірсе санасы? [03:07.54]Ұлы қазақ ұлтының ұрпаққа осы мұрасы, [03:11.34]Ғасырлар бойғы тарих ұмытылмас аяқ асты. [03:15.19]Білгенімді жеткізу, осығой қолдан келері, [03:19.04]О бастан бұл маңда дамыған жыршы өнері, [03:22.79]Айтып кеттім ойымды, ойлануға бір сылтау, [03:26.59]Болашаққа зор үміт, өздігіңді ұмытпау. [03:30.39]Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл, [03:34.29]Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл, [03:38.09]Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін! [03:42.29]Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін! [03:45.89]Мен сенімді ақтаймын, оған сөзім кепіл, [03:49.89]Жүрегімдегі иманым ауырды етер жеңіл, [03:53.69]Бұл сапарда адаспаймын, шынайы уәде беремін! [03:57.84]Бұл дегенің ердің жолы, мен саған сенемін!